Құпиялылық
саясаты

Осы ТОО «Inservice» (Инсервис) («Қор», «біз») жеке қайырымдылық қоры алған «Supernovas» бағдарламасының («Бағдарлама») қатысушылары мен жаттықтырушыларының дербес ақпаратын өңдеу тәртібін анықтайды. 

1. БІЗ АЛАТЫН АҚПАРАТ

Бағдарламаға қатысушылардың өтінімдерін қарастыру үшін біз келесі ақпаратты сұраймыз:
- Қатысушының және оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
- Қатысушының туған күні; 
- Заңды өкілдің байланыс деректері; 
- Қатысушы мен заңды өкілдің туысқандық дәрежесі; 
- Қатысушы/заңды өкілдер қосымша түрде хабарлайтын қатысушы туралы өзге де ақпарат.

Бағдарлама жаттықтырушылары лауазымына арналған өтінімдерді қарастыру үшін біз келесі ақпаратты сұраймыз:
- Тегі, аты, әкесінің аты, жас шамасы;
- Байланыс деректері; 
- Білімі, жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат; 
- Ағымдағы жұмыс орны туралы ақпарат; 
- Тұрғылықты мекенжайы;
- Фото/Бейне кескін; 
- Жаттықтырушы лауазымына үміткер қосымша түрде хабарлайтын өзге де ақпарат.

Қор өтінімде ұсынылған мәліметтің дәйектілігін растайтын қосымша ақпаратты және құжаттардың көшірмелерін сұрауға құқылы.

2. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ  

Қор ақпаратты келесі мақсатта қолдана алады:
- Бағдарламаның қызметін ұйымдастыру;
- Өтінімдерді қарастыру;
- Бағдарламаның қызметі туралы коммуникация жасау;
- Бағдарламаны алға жылжыту.

3. БІЗ СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ӨҢДЕЙМІЗ  

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу келесіні қамтуы мүмкін: дербес деректерді жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, қолдану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою.

4. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ   

Сіздің дербес ақпаратыңызға қатысты құқықтарыңыз:
- бізге supernovas@indrive.com мекенжайы бойынша хат жазу арқылы ұсынылған дербес ақпаратты өзгерту, жаңарту, толықтыру; 
- осындай хаттарда "жазылымнан бас тарту" сілтемесін қолдану арқылы электрондық хаттардан бас тарту;
- шолғышыңызда cookie файлдарын жою және cookie баптауларын өзгерту;
- қорға өз сұрауларын, соның ішінде дербес деректерді қолдануға қатысты сұрауларды supernovas@indrive.com мекенжайы бойынша жіберу

5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ БЕРУ

Өңдеу барысында, Қор дербес ақпаратты мыналарға бере алады:
- Сіздің өтініміңізді қарау үшін бағдарламаның ұйымдастырушыларына;
- Бағдарламаға қатысушылардың нәтижелері мен пікірлерін жариялау кезінде сайттың келушілеріне; 
- Бағдарлама қызметі шеңберінде мердігерлерге;
сондай-ақ заңмен көзделген жағдайларда.

6. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ МЕРЗІМДЕРІ 

Дербес деректер өңдеу мақсаттарына жеткенге дейін сақталады. Қор пайдаланушының деректерін заңмен белгіленген жағдайларда сақтай бере алады.